Кеше 2026, 23:55 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Сонымен қатар Роза Бағланованың отбасы атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Астанадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың гала-концерті өтті. Салтанатты кеш барысында жас орындаушылар сахнаға шығып, өз өнерлерін паш етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың бас жүлдесін Медет Орынбаев жеңіп алды. Бірінші орын Меруерт Желдібаеваға бұйырса, екінші орынды Сәкен Әлімханов иеленді. Үшінші орын Эльвира Мамытова мен Аян Байжігіт арасында бөлінді.

Кештің шымылдығы Роза Бағланованың репертуарындағы әйгілі «Ах, Самара-городок» әнімен ашылды. Бағдарламаға «Қазақконцерт» әртістері мен танымал өнерпаздар да қатысып, көрерменге мазмұнды концерт ұсынды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Сонымен қатар Роза Бағланованың отбасы атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Байқау барысында әншінің бай шығармашылық мұрасы дәріптеліп, жас орындаушылардың вокалдық шеберлігі көрермен назарына ұсынылды.