Роналду футбол тарихында үздік бомбардир атануға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ювентустың" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы екінші үздік бомбардир атануға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Роналду Италия чемпионатының 34-турында "Лациоға" қарсы ойында екі гол соқты (2:1). Осылайша, португалиялық бүкіл мансабында 734 гол соқты. Осы көрсеткіш бойынша ол Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Ромариосен теңесті. Бірінші орында аты аңызға айналған бразилиялық Пеле тұр (767).
Футбол тарихындағы ең үздік 10 бомбардир келесідей:
1. Пеле – 767 гол
2. Ромарио – 734 гол
3. Роналду – 734 гол
4. Герд Мюллер – 720 гол
5. Лионель Месси – 716 гол
6. Ференц Пускас – 706 гол
7. Иосиф Битзан – 636 гол
8. Эйсебио – 615 гол
9.Ференц Дик – 558 гол
10. Артур Фриденрейч – 554 гол
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті
Келесі жаңалық
Халықаралық іздеуге жарияланған бұзақы Ыстанбұлда ұсталды
Өзгелердің жаңалығы