Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Қазақстан мен Ресейдің XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындығы және жаңа нысандар құрылысын салу, жергілікті маңызы бар жол желілерін салу барысымен танысты.

Облыс басшылығы Көкшетау қаласы әуежайының қонақ үйін қайта жаңарту, "Болашақ сарайы" атты заманауи балалар мен жасөспірімдер сарайының, 9 қабатты көппәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Айналмалы жол мен жаңа жағалауды салу бойынша құрылыс жұмыстары толық жүріп жатыр, мұнда Қопа көлінің бойындағы автомобиль жолының көпірі және қарау алаңы, балалар және спорт алаңдары, жүгіру жолдары және шағын сәулет нысандары бар жағажай аймақтары салынады.

Үкімет делегациясы барлық нысандардың құрылысының барысымен және "Достық" және "Көкшетау" қонақ үйлерінің нөмірлік қорымен танысты, сондай-ақ "Kazrost Engineering Ltd" ЖШС арқылы "Вектор" комбайндарын өндіретін зауытына, "Agrimer-Astyk" ЖШС астық өңдеу кешеніне, "Азиякотломаш" ЖШС бу және су жылыту қазандықтарын шығаратын зауытқа, "Kaz Beef Processing" ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына барды.

Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға елеулі серпін береді және бизнес-қоғамдастықтардың өзара іс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге мүмкіндік тудырады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы