Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Президент Әкімшілігінде басшылық ауысты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
1989-1990 жж. – «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
1990 ж. бастап – «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қаласы.
1990-1999 жж. – «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.
1999-2002 жж. – «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
2003-2005 жж. – Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
2005 жылғы қантардан бастап – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2005 жылғы сәуірден бастап – Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
2006 жылғы бастап – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жж. – Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
2008-2010 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2010-2011 жж. – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2014-2016 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2016 ж. мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2016-2019 жж. – инвестициялар және даму бірінші вице-министрі. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап – ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда – ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.