Роман Скляр мен Александр Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Тараптар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын атап өтті.

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жобаны іске асырудың басталуына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы