Роман Григорчук "Астанадан" кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы "Астананың" украиналық бапкері Роман Григорчук қызметінен кетті.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, екіжақты ортақ келісім бойынша келісімшарт бұзылған. Украиналық маман "Астананы" 2018 жылдың маусым ортасынан бері жаттықтырды. Арасында отбасылық жағдайына байланысты біраз уақыт клубтағы жұмысты Григорий Бабаян да жалғастырған болатын. Бірақ 2019 жылдың қаңтарында қайта оралып, бір жыл бойы тұрақты жұмыс істеді. 

Былтырғы маусымда Григорчук Қазақстан суперкубогінде және премьер-лигасында жеңіске жетті. Сондай-ақ, команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткізді. 

Онымен бірге көмекшілері Михаил Савка мен Анатолий Коротя және қақпашылар бапкері Андрей Глущенко да қызметтерінен кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы