Робототехника бойынша Орталық Азия чемпионатына өңірлік іріктеу аяқталуда
25-26 қаңтарда Астанада 800-ден астам оқушы мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен FIRSТ робототехника чемпионатына іріктеудің қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы FIRSТ чемпионатының басты тақырыбы – жаһандық экологиялық проблема болып табылатын су асты әлемін зерттеу.
Іріктеу екі кезеңді қамтиды:
• FLL Challenge – төменгі сынып оқушылары инженерлік тапсырмаларды шешу үшін LEGO роботтарын бағдарламалайды.
• FIRST Tech Challenge – жоғары сынып оқушылары күрделі тапсырмаларды орындау үшін металл конструкциялардан роботтар жасайды.
FIRST чемпионаты 1980 жылдан бері өткізіліп келеді.
Аталған чемпионатқа Қазақстан 2017 жылдан бері белсенді қатысуда. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама FIRST Global Challenge-де үш дүркін (2022, 2023, 2024) әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, FIRST — Almaty Tech Cup дүниежүзілік бағдарламасы аясында робототехника бойынша Орталық Азия чемпионаты 20-23 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.
Оған 5000-нан астам оқушы мен олардың жаттықтырушылары қатысады деп жоспарлануда.