Үркерде мұз айдыны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үркер елді мекенінде (201 көше, Есіл ауданы) хоккей корты салынып, қазір ол жерде мұз айдыны ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балалар тек хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады. Көктемде хоккей корты футбол алаңына айналады. Сондай-ақ, балалар алаңы аумағында тренажерлер орнатылып, workout аймағы бар. Әрбір осындай кешен инклюзия элементтерімен қамтылған - ерекше қажеттіліктері бар балалар да осы алаңдарда ойнай алады. Бұл жобаны елорда әкімдігі "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырды.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Резеңке тәпішке, көйлекшең қаштым – зорлық көрген ана
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы