Кеше 2026, 23:35 Фото: olympic.kz

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта жеңімпаз атанды

Тараз қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U15 және U23 жас санатындағы Қазақстан чемпионаты өз жалғасын табуда.  

Бүгін 23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен 125 келі салмақтағы белдесулер аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл додада жаңа салмақта күш сынап көрді. Финалдық белдесуде ол Әлімжан Сәлімжанды айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіп, 125 келіде Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас санатындағы ел чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын.