Ризабек Айтмұхан Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Астанаға барған бойда Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров көзі тірісінде еркін күрестен әлем чемпионы шығуын армандаған еді. Міне, бүгін Ризабек Айтмұхан елордаға келген бойы ең алдымен жекпе-жек сарайы алдында орналасқан Жақсылық ағаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, даңқты палуанға құрмет көрсетті, - делінген хабарламада.

Еске салайық, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға құтты болсын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы