Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Иран балуаны Амир Али Азарпираға 5:0 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, 7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл жарыстағы Қазақстан құрамасы сапында 100-ден астам спортшы бар.

Сауд Арабиясы алтыншы мәрте өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарын қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда Қазақстан жалпыкомандалық есепте алтыншы орында тұр. Ұлттық құраманың еншісінде – 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы