Ринат Зайытов: «Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептердің нешеуі қазақ тілінде білім береді?

«Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептердің нешеуі қазақ тілінде білім береді? Мұндай сұрақты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Мәжілісте AMANAT партиясының фракциясының кеңейтілген мәжілісінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептер туралы мағмұмат берді.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрлік өкіліне сұрақ қойды.

Ұлттық жоба аясында салынатын «жайлы мектептің» нешеуі қазақ тілінде білім береді? Бұл жобада аралас, орыс тілінде білім беретін мектептер бар болса, жергілікті халықтың өтініші бойынша білім беру тілі өзгеруі мүмкін бе? - деп сұрады Зайытов вице-министрден.

Өз кезегінде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан депутаттың сұрағына жауап берді.

Мектептердің тілі әлі айқындалмаған. Құрылыс енді басталды. Жергілікті халықтың, тұрғындардың пікірін ескере отырып шешім қабылданады, - деп жауап берді вице-министр Еділ Оспан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Өзгелердің жаңалығы