Ринат Зайытов ДСМ-ге сұрақ қойды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ДСМ метадонды не себепті қолданып отырғанын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз есірткіге тәуелділікпен күресеміз, нашақорлықпен күресеміз деп отырмыз. Бірақ бір жағдайға назар аудармаймыз. БҰҰ конвенциясының бірінші тізіміне енген метадон деген есірткі Қазақстанда екінші тізімде. Яғни медициналық жолда пайдалануға болады деген тізімге еніп тұр. Белгісіз себептермен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің салған сұрауларына да әртүрлі сылтаумен Денсаулық сақтау министрлігі мұны бірінші тізімге енгізбей отыр, - деді депутат.

Ринат Зайытовтың айтуынша, метадон алмастыруға, емдеуге келетін есірткі емес. Бұл сұйық не таблетка түріндегі есірткі.

Оның барлық героиннің салдарымен бірдей. Оны Жаһандық қор да ашық айтып отыр. Метадонның бір күн кешіккені әлеуметтік-саяси былықтарға алып келуі мүмкін деп мәлімдеме жасайды. Осы орайда не себепті осы метадонды бірінші тізімге енгізбей отырсыздар? Мұны алуға тағы да қанша ақша жұмсағалы отырсыздар? – деп сұрады депутат Денсаулық сақтау министрлігі өкілінен.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бұл сұрақ осыған дейін де депутаттармен бірге талқыланғанын айтты.

Көшеде қолданылатын метадон бар. Ол синтетикалық есірткіге рұқсат етілмегені түсінікті. Медицинада қолданылатын метадон да бар. Ол біздің елімізде 15 жыл бойы қолданылып келеді. Бүгінгі күні бұл препаратты 400-ден аса пациент қолданады, - деп айтты Дудник.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы