Ринат Зайытов бастық болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды.

Бүгін жаңа басшыны мекемеге Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев таныстырды.

Айта кетейік, Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 

Қазақтың айтыскер, суырыпсалма және жазба ақыны, драмалық актер, филолог. 

Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы