Римма Волосенко бокстан ширек финалға жолдама алды

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде өз мықтылығын танытты, деп хабарлайды BAQ.KZ Олимпик.кз сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы