3 Қазан 2021 2021, 16:08

Римде XIX ғасырда салынған көпір өрт салдарынан опырылып түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні кешке Римнің оңтүстігінде Индустрия көпірі өртке оранды. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні кешке Римнің оңтүстігінде Индустрия көпірі өртке оранды. 

La Repubblica басылымының деректері бойынша, қуанышқа орай, адам шығыны болмаған.

Рим тұрғындары арасында «Темір көпір» атанып кеткен көпір 1862-1863 жылдары салынған. Ол Италия астанасының оңтүстік аудандары Маркони мен Остиенсені жалғастырып жатқан. Өрт салдарынан көпірдің кейбір бөлігі Тибр өзеніне құлап кетті.

Сондай-ақ тілсіз жау салдарынан Остиенсе ауданындағы үйлер су, электр қуаты мен көгілдір отынсыз қалды.

Қазір өрт себептері анықталуда. Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда көпір астындағы салынған құрылыстар өртене бастаған. Кейіннен көпірді де шарпыған.