Римде Иран мен Еуропалық үштік ядролық келіссөздердің болашағын талқылайды
Иран, Франция, Германия және Ұлыбритания өкілдері 3 мамырда Римде кездесу өткізіп, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің болашағын талқыламақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл кездесу Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің төртінші раунды алдындағы Еуропалық Одақтың ұстанымын бағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи мәлімдеді.
Еуропаның үш елі ядролық құжаттағы дұрыс емес саясаттың салдарынан өз рөлін жоғалтты. Біз мұны қаламаймыз және Римде келіссөздерге дайынбыз, – деді Аракчи ирандық БАҚ-қа.
Айта кетейік, 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар ядролық келісімге (JCPOA) қол қойған болатын. 2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісімнен шықты. Қазіргі келіссөздер келісімді қалпына келтіру мақсатында жүргізілуде.
Өткен сенбіде АҚШ пен Иран арасында Оманда келіссөздердің үшінші раунды өтті. Reuters дерегінше, Иран Ресей және Қытаймен соңғы консультациялардан кейін қалыптасқан оң динамиканы пайдалануға тырысып жатыр. Тегеран Еуропалық үштікпен (E3) байланысын жалғастыра отырып, БҰҰ санкцияларының қайта енгізілу ықтималдығына қатысты ЕО ұстанымын бағалауға ниетті.
Франция СІМ басшысы бұған дейін ядролық келіссөздер еуропалық мүдделерге сай жүргізілуі тиіс екенін атап өткен. ЕО елдері – Ұлыбритания, Франция, Германия – келіссөздерді мұқият бақылап отыр.