Рим Папасына ота жасалды
Рим Папасына ота жасалды: дәрігерлер өкпе рагі диагнозын растады.
Дәрігерлер Рим Папасы XIV Леодан өкпе рагы (обыры) диагнозын растады. Хирургтар ота жасағаннан кейін понтифик палатасына оралды.
Рим Папасының баспасөз қызметі 13 қазанда дәрігерлер Луиджи Карбоне мен Стефано Маргаритораның мәлімдемесін жариялады.
Ота кезінде дәрігерлер тіндерді зерттеп, өкпе рагының бір түрі – аденокарциноманы растады. Олар отаға дейінгі тексеру нәтижелері бойынша да осы диагнозды болжаған еді.
Хирургтар видеокамера әдісін қолдана отырып, оң жақ өкпенің төменгі бөлігін сылып тастады. Дәрігерлер бригадасын профессор Стефано Маргаритора басқарды.
«Рим Папасы ота жасау бөлмесінде үш сағаттай болды, ал отаның өзі шамамен тоқсан минутқа созылды», – деп хабарлады дәрігерлер.
Олардың айтуынша, ешқандай асқынулар болған жоқ. Оянғаннан және қысқамерзімді бақылаудан кейін понтифик оныншы қабаттағы өз палатасына оралды.