Рим Папасы тақтан кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты тақтан кетуі мүмкін.
Lenta.ru басылымның хабарлауынша, Ватиканда жаңа конклав туралы мәселе жиі талқыланады. Папа ота жасатқаннан кейін тақтан кетуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар желтоқсан айында Папа 85 жасқа толады. Оның алдындағы Бенедикт XIV тақтан бас тартқан кезде де осы жаста болды.
4 шілдеде католик шіркеуінің 84 жастағы басшысы сигма тәрізді тоқ ішектің дивертикулярлық ауруына байланысты жоспарлы ота жасады. Хирургиялық араласу Джемелли Рим ауруханасында (Policlinico Gemelli) жалпы анестезиямен жүргізілді. Ота үш сағатқа созылып, сәтті өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда ер адам суға батып кетті
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы