Рим қоқысқа батып барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын Римнен 1 жарым миллион тоннадан астам қоқыс шығады, деп хабарлады 24.kz.
Оның тек 50 процентке жуығы ғана өңделеді. Римдіктер жыл сайын 270 еуро көлемінде қоқыс салығын төлейді. Айта кету керек, бұл – Италиядағы ең жоғары мөлшер. Мұнда қоқыс өңдейтін үш кәсіпорынның тек біреуі ғана жұмыс істейді, бірі өртеніп кеткен, ал екіншісі жөндеуге жабылған. Сондықтан, қоқысты жинап, жаратып үлгермейді. Жергілікті белсенділер тобы енді кәсіпорынды сотқа тартуды көздеп отыр. Алайда компания басшылығы қоқыстың көптігін Римге туристердің көп келетінімен байланыстырады. Мәселен, бір жылда қалаға 30 миллион саяхатшы келген. Вирджиния қаласының мэрі қоқыс мәселесін шешуге уәде еткен. Бірақ әзірге одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жасалды
Өзгелердің жаңалығы