Рим көшелерін шөп басып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия астанасында гүлзарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын шөп басып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Себебі, коронавирусқа байланысты енгізілген қатаң шаралардан тұрғындар далаға сирек шығып, көшелер бос қалған. Әдетте саяхатшыларға толы Римнің көшелерінен тек бірен-саран коммуналды қызмет өкілдерін немесе итін серуендеткен тұрғындарды көруге болады. Салдарынан жұмыр тасты көшелерде шөп қаулап кеткен.

Ал, Италияда індеттің таралуы әлі басылмай тұр. Сондықтан Римде 5 апта бұрын енгізілген шектеу шаралары қашан алынатыны да белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы