Риэлторлардың қызметін бақылауға алып, табысын шектеу қажет – депутат
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов риэлторлардың қызметіне қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл салада қатаң реттеу шараларын енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов риэлторлардың қызметіне қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл салада қатаң реттеу шараларын енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың пікірінше, қазіргі таңда риэлторлардың жұмысына қоғам тарапынан сын көп. Оның айтуынша, бұл ең алдымен қызметтің ашық еместігі мен нақты ережелердің болмауына байланысты.
Шынымды айтсам, риэлторлардың жағдайын қолдауға бағытталған қандай да бір әрекетті қолдамаймын. Халық риэлторларға ренжіп отыр. Себебі олардың жұмысы ашық емес, келісімшарттары түсініксіз, әрі көп жағдайда екі тараппен бірдей келісім жасайды, – деді Мұрат Әбенов.
Осыған байланысты депутат риэлторлардың қызметін толық бақылауға алып, олардың табысын шектеу қажет деп санайды.
Сондықтан бұл саланы толық бақылауға алып, табысын азайтып, шектеу дұрыс деп есептеймін. Біз бұл бағытта тиісті шараларды қабылдаймыз. Бұл риэлторларға ұнаса да, ұнамаса да жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді ол.