Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы пайда болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейдегі жылу желілерінің 68% тозған
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы