Риддердегі ЖЭО инвесторларға берілуі мүмкін

ЖЭО-ның алдағы тағдыры әлі шешілген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бүгінде жылуды үш орташа қысымды қазандық қамтамасыз етеді. Ыстық су беру температурасы 60 градустан жоғары,  дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Энергия және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Рузиля Абдурашитова. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Жөндеу жұмыстарына 13 мердігер мекеме жұмылдырылды. Багер сорғы стансасы мен мазут қоймасы нормативтік талаптарға сәйкестендірілді. Сонымен қатар, ЖЭО қажетті мөлшерде жанармаймен қамтамасыз етілген. 

Нөмірі 6-ншы қазандықтың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Нөмірі 4-інші қазандықта да жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, алдағы уақытта қосу жоспарланған. Нөмірі 5-інші қазандық үшін қажеттінің бәрі сатып алынады және сонымен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен қаладағы төтенше жағдай әлі де сақталған. Төтенше жағдай біз станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етпейінше жалғаса береді, - деп түсіндірді Рузила Әмірқызы.

Еске салайық, «Риддер ЖЭО» АҚ-да апат 5 қарашада болған. 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару мәселесімен басқармада жұмыс жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

Мәселе қарастырылуда. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа «Риддер ЖЭО» АҚ монополиясыздандыру мәселесін қарауға қатысты хат жолданды, - деді Рузила Абдурашитова.

Жылу электр орталығын инвесторларға беру нұсқасы да қарастырылуда. Абдурашитованың айтуынша, әлеуетті инвесторлардан ұсыныстар келіп түскен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы