19 Қыркүйек 2023, 10:31
Фото: - архив
Риддердегі жалғыз қазақ мектебі жабылып қалды ма? Министрлік жауап берді
Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебі жабылған жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебі жабылған жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Комитет басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебі жабылған жоқ.
Уақытша Риддер қаласының №11 мектебінің ғимаратына көшті. Балаларға барлық қажетті қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде қауіпсіздік, тамақтандыру және т.б. Бұл ата-аналардың «Шаңырақ» мектебінің қазіргі ғимаратының аппаттық жағдайына байланысты өтініші негізінде ұйымдастырылды, - деді Дәуенов.
Мектептің құқықтық статусы, оның штаттық бірліктері, контингенті сақталады.
Министрлік өкілінің сөзінше, 2024 жылы Риддер қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын жаңа мектеп «Шаңырақ» мектебіне беріледі.
- Су мен жылу қымбаттады: Қазақстандықтар коммуналдық төлемге қанша жұмсайды? 15:43
- Қазақстанда жалақысы 300 мың теңгеден асатын қызметкерлер саны артты 15:23
- Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті 15:05
- Тоқаев: «Реформалар елімізді өзгертсе, құндылықтар болашағын айқындайды» 14:53
- Салық түсімі неге жоспарға жетпеді? Үкімет түсіндірді 14:47
- 0% бөліп төлеу шынымен тегін бе: Аз төлемдер қалай үлкен шығынға айналады? 14:37
- Қазақстанда қанша ауқатты адам бар? Министр жауап берді 14:33