Риддерде 9 бизнес жоба мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қаласында тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды қарау жөніндегі комиссия өтті, деп хабарлады Altaynews.kz.

Барлығы грантқа 11 өтінім қаралды, оның ішінде 4 көпбалалы отбасы бар.

Жалпы сомасы 5250,6 теңгеге 9 жоба мақұлданып отыр:

- ІҚМ сатып алу бойынша 2 жоба.

- «Шығармашылық шеберхананы» ұйымдастыру бойынша 1 жоба (табиғи және импровизацияланған материалдардан кәдесыйлар жасауға үйрету, тегін шебер - сынптар өткізу, кәдесыйлар жасау және «Кәдесыйлар дүкенін» ашу). Жобаны қалада бұрыннан танымал қолөнерші, көпбалалы ана Ирина Бородкина жүзеге асырады. Оның жұмысы көптеген қала тұрғындарына таныс, үйлердің кіреберістерін бояп, мерекелерде тегін шеберлік сыныптарын өткізеді.

- «Атаулы кестелер» шағын тігін цехын, Ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігу цехын ұйымдастыру - 2 жоба.

- Кондитерлік өнімдер өндірісі - 1 жоба.

- Фризерден жұмсақ балмұздақ жасау - 1 жоба.

- Тез тамақтану орны (бургерная) - 1 жоба.   

- Неодим лазермен татуажды жою - 1 жоба.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы