Риддерде ыстық су өшірілді
Жылу электр орталығына жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен 10 мамырдан бастап су өшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Altaynews жазды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 мамыр күні Риддерде жылыту маусымы аяқталып, желілерді жөндеуге дайындық жұмыстары басталды.
Риддерде жылумен жабдықтау желілерінің 89 пайызы тозып кеткен.
Риддер жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен 10 мамырдан бастап қала бойынша ыстық су өшірілді. Қазір жөндеу үшін дайындық жұмыстары басталып кетті. Жобалаушы ұйымдар ЖЭО-ға келіп, жөндеу жұмыстарына қажетті жобаларды әзірлеп жатыр, - делінген ақпаратта.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары «Риддер ЖЭО» АҚ иелерінің емес, бюджет есебінен жүргізіледі. Қалада төтенше жағдай режімі әлі де сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қанша адам жұмыс істейді?
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы