Риддерде тұрғындарға тасқын қаупі жайлы ескертілді – Шығыс Қазақстан облысы
Мамандар Риддер қаласы аумағында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, мониторинг кезінде Бутаково ауылы тұсындағы Үлбі өзенінде пайда болған кептеліске байланысты су ағыны екінші арнаға бағыт алды. Мұның салдарынан тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
Төтенше жағдайдың алдын алу мен кептелісті таратпау мақсатында ағыстан төмен қарай жарылыс жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетейік, қауіпсіздікті қадағалау мақсатында тұрғындарға тасқын қаупі жайлы ескертілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы