30 Қараша 2026, 03:40
Фото: Скриншот
Риддерде тұрғын үйде газ жарылып, әйел зардап шекті
Қазір өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Риддер қаласындағы Татарская көшесінде газ-ауа қоспасының жарылуынан жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар тілсіз жауды 56 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Оқиға салдарынан 2001 жылы туған әйел зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
ТЖМ тұрғындарға газ жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп, жұмыс істеп тұрған құрылғыларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Газ иісі сезілген жағдайда электр құралдарын қосуға немесе өшіруге, сондай-ақ ашық отты пайдалануға болмайды.