Риддерде төтенше жағдай орын алды
Риддер қаласы ішімен өтетін Хариузовка өзені 8 желтоқсанда түнде арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Риддер қаласы ішімен өтетін Хариузовка өзені 8 желтоқсанда түнде арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс жасап жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.
"Мамандар баспаналар мен аулаға жайылған су сорылғанын, енді үйдің іргетасын кептіру керектігін айтады. Қала басшысының айтуынша, бұл жағдайға жергілікті су электр станциясының қоймадан шамадан тыс су босатуы себеп болуы мүмкін. Қар мен қатқан мұз да кесірін тигізіп, соңы осындай жағдайға ұласқан. Бастысы қазір қауіп сейілді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл дерек бойынша комиссия толыққанды тексеру жүргізетін болады. Кінәлі тараптар нақты анықталса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Қазір тұрғындарға қауіп жоқ. Олар эвакуациялық пункте барудан бас тартты. Су деңгейі төмендеді. Енді шығын көлемі есептеліп жатыр, - деді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32
- Мұнай бағасы жылдық өсімін 50%-дан асырды 19:06
- Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді? 18:48
- Оман Сұлтанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды 18:46
- Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды 18:31
- Қазақстан мен Оман энергетика, логистика және ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты күшейтеді 18:18
- Мемлекет басшысы қазақ-оман бизнес форумында бірлескен инвестицияның маңызын атап өтті 18:17