Риддерде селфи жасаған ер адам ағаштан құлап, мертігіп қалды
ШҚО-да суретке түспек болып жарақаттанған ер адам дәрігерлер мен құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Демалыс күндері Риддерде достар жиналып, таулы-орманды жерге демалуға барады. Ер адамдардың бірі суретке түспек болып, биік ағашқа өрмелеп шыққан. Бір мезетте аяғы тайып кеткен ол құлап, ауыр жарақат алып қалды. Бұл туралы Altaynews жазды.
Оқиға орнындағы куәгерлер жедел жәрдем мен құтқарушыларды көмекке шақырған.
Зардап шеккен адамға жету үшін ШҚО ТЖД 1-МӨСБ құтқарушылары мен дәрігерлеріне жетуі қиын жерлердің 30 шақырымын еңсеруге тура келді. Ақ халаттылар 1981 жылғы ер адамға алғашқы көмек көрсетті, ал құтқарушылар оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Түркия Сыртқы істер министрін қабылдады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы