18 Сәуір 2023 2023, 11:00
Фото: Altaynews
Риддерде қазандықтан тағы да ақау шықты
Риддер қаласының тұрғындары тағы да жылу жүйесіне шағымданып жатыр.
Риддер қаласының тұрғындары тағы да жылу жүйесіне шағымданып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Altaynews жазды.
«Риддер ЖЭО» АҚ желісіндегі судың температурасы небәрі 31 градус. Кейінірек жылу орталығында тағы апат болғаны анықталды.
Түнде жоғары қысымды қазандық апатқа байланысты қуат көзінен ажыратылып, резервтік қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура бір күн ішінде біртіндеп көтеріледі, – деді Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.