Риддерде №2 қазандық қондырғысы іске қосылды
Қосылған қазандық қондырғысы қаланың жылу орталығындағы температураны ұстап тұруға және оның қатып қалуына жол бермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов ЖЭО, Согра ЖЭО, "Востоквзрывпром" ЖШС, ӨКТС және "Кэмонт" АҚ қызметкерлерімен бірлесіп қаланы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың нақты кестесін жасады, деп жазды Altaynews.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, тағы бір қазандық іске қосуылуы керек. Осы уақытқа дейін "Қазмырыш" ЖШС Риддердің тұрғын және әлеуметтік нысандарына көбірек жылу берілуі үшін өзінің өндірістік үй-жайларының бір бөлігін жылытудан ажыратқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын, сағат 23:55-те Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жариялады.
Жалпы, нысанда қазір жоғары білікті мамандар жұмыс істеп жатыр. Жабдықты жөндеу және іске қосу үшін қажет нәрсенің бәрі кәсіпорынға жеткізілді.
Сондай-ақ облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылған.