10 Ақпан 2024 2024, 17:33

Риддер тұрғындары жерасты дүмпулерін сезді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 023 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаттары 50.85° с.е. 84.39° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы дерек бойынша: Риддер, 2 балл», - делінген хабарламада.