Резников АСА 177 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Артем Резников (24-8) Сочиде (Ресей) аралас жекпе-жектен ACA 177 турнирінде өнер көрсетіп, ресейлік Мұхамед Коковпен (19-9) кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің басты карды аясында өткен жекпе-жекте Артем Резников ресейлік Мұхамед Коковті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Артем Резников соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізді: ACA 168 турнирінде қазақстандық ресейлік Әли Баговтан (33-11) төртінші раундта ұтылды.

Мұхамед Коковтың ағымдағы жылдың ақпан айында ACA 170 турнирінде жекпе-жек өткізіп, жерлесі Дауд Шайхаевтан (16-4) ұтылып қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы