"Резерв" мекемесінің бас директоры қызметінен кетті

"Резерв" РМК бас директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мәлім етті.

2024 жылғы 11 наурызда Ришат Мұханбетұлы Асансеитов өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ришат Асансеитов бас директор лауазымында 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап қызмет атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы