Рейд. Тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтауы тексерілді

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласында карантин талаптарының орындалуын қадағалайтын ведомство өкілдерінен құралған топ рейдке шықты. Мамандар орталық саябақ, жазғы дәмхана сынды демалыс орындарын текстерді.

Солтүстік Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша,  өңірде қоғамдық орындардың жұмысы қайта жанданды. Маусым айының бірінен қалалық саябақтың есігі айқара ашылды. Нысанға келушілер медициналық қолғап пен маска киюі шарт. Ал қоғамдық орын әкімшілігі зарарсыздандырғыш құралдармен қамтамасыз етіп, әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалауға міндетті. Жауапты мамандар талап қойылғанымен, тиісті деңгейде орындалмай отырғандығын айтады. Рейдке қатысушылар оған тағы бір көз жеткізді.

Күн сайын эпидемиолог мамандар мен тәртіп сақшылары тексеріс шараларын жүзеге асырады. Орта есеппен 3 мыңға тарта нысан тексеріліп, 200-ден астам тәртіп бұзушылық анықталады. Полицейлер 50-ге тарта бизнесменге қарысты әкімшілік хаттама толтырған. Оларға тиісті жаза тағайындалып отыр.

Көптеген нысандарға қазақша санитайзерлер болмайды. Сатушылар масканы дұрыс кимейді. Оны сүлде пайдаланбайтындар да жетіп артылады. Қаншама нынасдарды араладық. Жиналған материалдардың барлығы сотқа бағытталады. Бірақ осының өзінен сабақ алатындар аз, - дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталғаны 13 материал сот қарауына жіберілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы