Рейд. Салықты "Сергек" арқылы төлету
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда көшелерінде «Сергектің» көмегімен жеке тұлғалардың салықтық қарызын өндіріп алу бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жол полициясының қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірге бірлескен рейдтері жалғасуда.
Мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдары салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды жолдау бойынша өзара іс-қимылы екінші жыл жалғасып келеді.
Елордадағы борышкерлер саны 2019 жылғы 3 қарашадағы жағдайы бойынша 32 733 адам. Олар мемлекетке 1 219 млн теңге қарыз.
Бірлескен рейдтің нәтижесі бойынша, 4-14 қараша аралығында жеке тұлғаларға салық қарызын өтеу туралы 30 хабарлама жіберілді. 1 жеке тұлға салық қарызын төледі. Бұдан бөлек жалпы қарызы 2,1 млн теңге болатын Range Rover маркалы 2 автокөлік айыптұрағына қойылды.
Рейд 2019 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Жедел-алдын алу шаралары аясында борышкерлерге салық берешегін өтеу туралы хабарламалар жолданып, жеке сот орындаушылары шығарған атқарушылық іс жүргізу туралы шешімдерге сәйкес борышкердің автокөлігін (автотұрақты) пайдалануды шектеу шаралары қабылдануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқтала