Рейд. 1650 телефон. 50 ноутбук

Аталған рейдтік іс-шара бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ ұрланған ұялы телефондарды табу мен ұрланған телефондарды сатып алатын тұлғаларды анықтауға бағытталған.

«Рейд барысында қолданылған смартфондарды сату бойынша 200 сауда орыны, оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді. Полиция қызметкерлері растайтын құжатсыз 1650 ұялы телефонның, 50 ноутбуктың есебі бойынша (көпшілігі «Самсунг» және «Айфон» маркалы телефондар) IMEI-кодтарын салыстырып тексерді» - дейді мамандар.

Қазіргі кезде ұрланған телефон ретінде есепте тұрған 9 мобильді телефон анықталды. Оның екеуі 2014 және 2015 жылдары Алматы қаласында ұрланған. Алынған мобильді телефондар қылмыстық өндірісі материалдарына қоса тігілді. Ұрланған телефондарды сатумен айналысатын адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар полицейлер біле тұра қылмыс жолымен табылған мүлікті сатып алу және сату фактілерінің алдын алу және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы