Үрей бүкіл адамзат баласының миын торлап алған – Ауыт Мұхибек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек коронавирус инфекциясынан көз жұмған марқұмдардың отбасына көңіл айтты.
Не айтарымды білмеймін, бірақ ертеңнен үмітім зор! Апат айтып келмейді екен. Шын мәнісінде, бұл – үшінші дүниежүзілік соғыс! "Ажал оғы қай жағымыздан келіп, жалпамыздан түсіреді?" деген үрей бүкіл адамзат баласының миын торлап алған. Қымбатты менің қандастарым! "Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі" деген сөз бар. Қаншама боздақтарымыздан, жақсыларымыздан айырылып жатырмыз?! Өте өкінішті жағдай, - деп жазды Ауыт Мұқибек Facebook парақшасында.
Ол осы ретте індеттен қаза тапқан марқұмдардың отбасының қайғырып көңіл айтты.
Алла олардың жатқан жерін жайлы, иманын саламат қылсын! Артында қалған ел-жұрты аман болсын! Бұл – ең соңғы Ұлттық аза тұту күні болсын деп тілейік ағайын! Ауырып жатқан ағайынға күш-қуат тілеймін. Қайратты болыңыздар, сауығып кетесіздер. Аман болайық!,- дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
МӘМС: Қор кез келген медициналық ұйыммен шарт жасауға дайын
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы