Ревакцинация. Қандай екпелерді салдырған дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Ол індетке қарсы қайта екпе салдыратындарға қандай  вакцинаны таңдау қажеттігін алға тартты. 

Коронавирусқа қарсы инактив екпені алғандар ревакцинация үшін векторлық немесе РНҚ-вакцинаны салдырғаны дұрыс. Ал векторлық екпені алғандар сәйкесінше, инактив және РНҚ-вакцинаны алуға кеңес беремін, - деді комитеттің ресми өкілі. 

Осылайша, вирусқа қарсы алатын екпені міндетті тәртіппен ауыстыруды ұсынып отыр. 

Енді вакциналарға тоқталатын болсақ. Векторлық вакцинаға Спутник, инактив екпеге QazVac, CoronaVac, Vero Cell, HayatVax жатады. РНҚ-вакцина бүгінгі таңда танымал болып отырған Pfizer компаниясының Сomirnaty екпесі, - деп атап өтті Ержан Байтанаев.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация былтырғы жылдың қараша айында басталған болатын. Министрлік ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда вакцинаның үшінші дозасын 1,5 миллионнан астам адам салдырған. Оның ішінде қаңтар айында шамамен 1 млн  адам қайталап екпе алған. Ревакцинация бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы