Ревакцинация. Елімізде қандай екпелерді алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Ол қайта екпе салу үшін қандай вакциналар қолданылып жатқанына тоқталды.
Қазіргі уақытта халықтың барлық топтарын ревакцинациялау үшін «Синофарм» және «Казвак» вакциналары салынып жатыр. 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері үшін «Пфайзер» Комирнати вакцинасы қолданылуда, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ведомство алдағы уақытта ревакцинация үшін қосымша екпелер сатып алуды көздеген.
Министрлік ревакцинациялау үшін «Казвак», «Синофарм» және «Комирнати» («Пфайзер») вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілетін болады, - деді еліміздің бас дәрігері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біз жауапсыз сатушыларға бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табуға жол бермеуіміз қажет – Премьер-министр
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы