Ревакцинация. Әскерилердің 52%-дан астамы егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде COVID-19-ға қарсы ревакцинация жалғасып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан әскерінде жеке құрамның 52%-дан астамы вакцинациядан өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресті жалғастыру қажеттігіне назар аударып, Қазақстандағы күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қол қусыруға болмайтынын атап өтті. 

Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды қайта вакцинациялау – еліміздің Қарулы Күштеріндегі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың маңызды факторы.   

Процедура кезінде бір компонентті (әлдендіргіш вакцина) салу жүзеге асырылады. Ол вакцинаның әсерін ұзартып, иммундық жүйені нығайтады, адамды COVID-19-дан қорғайды. Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жұқтырған жағдайда вакцина алған пациенттер вирусты асқынусыз жеңіл түрде қабылдайды, - деп түсіндірді Қарулы Күштер Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақпаев.

Әскери-медициналық персонал жеке құраммен санитарлық-ағарту жұмысын, түсіндіру әңгімелелерін ұдайы жүргізіп, вакциналар, олардың әсер етуі, пайдасы мен қосымша әсерлері туралы мәліметтерді жеткізеді. 

Екпе алу ерікті түрде жүргізіледі. Әскери қызметшілер өз денсаулығы үшін ғана емес, әріптестерінің денсаулығына да бірдей жауапты. Бұл әсіресе жабық әскери ұжымдар жұмыс істейтіндер үшін аса маңызды.
Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тіркелген жеріндегі қалалық емдеу мекемелерінде де, әскери емханаларда да ревакцинациядан өтеді. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер мен әскери оқу орындарының курсанттары – Қазақстан Республикасында тіркеуден өткен вакциналарды тұрақты орналасу пункттерде салдыра алады.   

Бас әскери-медициналық басқармасы жеке құрамға ыңғайлы болу үшін көшпелі бригадалардың жұмысын ұйымдастырды. Олар әскери бөлімге келіп, медициналық бөлімшелерде егу кабинеттерін ашады. Олар әскери қызметшілер мен азаматтық персоналға қызмет көрсету орнында процедурадан өтуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы