Республиканың солтүстігінде жел күшейеді
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кең ауқымды антициклон республиканың көп бөлігінде ауа-райын қалыптастырады, тек батыс аудандарға батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон әсер етеді.
Фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады.
16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында кейде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Анасын сан соқтырған бойжеткен
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы