Республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 11-ші ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Циклон жырасы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, тек оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың солтүстігінде және батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын, 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының күндіз батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз батысында, орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде, орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар, Алматы облыстарының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.