Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 20-шы қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
Батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Тек солтүстік-батыс, солтүстік облыстар антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, облыстың тау және тау бөктерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман, түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.