Республиканың кей жерінде қалың тұман түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамын жария етті.
Хабарланғандай, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болып, кей жерлерге қар жауады. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын болмайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23-28 метр болады, - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Қызылорда облысында қөқтайғақ болады. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Омбыда Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығын атап өтті
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы