Республиканың екі өңірінде тас жолдар жабылды

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты Байгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлайды BAQ.KZ.  

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нақтылап өткендей, шектеу енгізілген жол уаскелері «Самара-Шымкент»  тас жолына қатысты.

Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, жел, ауа температурасының төмендеуі) «Алматы-Өскемен» тасжолының Жоламан ауылынан Сарқан қаласына дейінгі аралығында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің және жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың қозғалысы шектелді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы