Республиканың бірнеше өңірінде дүлей дауыл соғады
«Қазгидромет» синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.
8-9 мамыр таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел қарқыны – 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысытауларында күн күркірейді. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында желдің күші – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.