Республиканың басым бөлігінде тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 15-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Баренц теңізі аудандарындағы белсенді циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеледі, Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, көктайғақ, қатты жел бұрқасынмен бірге, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, елдің орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да аса болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жел 15-20, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да аса күтіледі. Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында,  солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса болады. 

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік жартысында 30 м/с және одан да аса. Қостанай облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса. 

Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстік-батыста, шығыста кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында 30 м/с және одан да аса болады. 

Түнде оңтүстік-батыста, батыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с бұрқасынмен бірге күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте, облыс орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 

Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз батыста, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде батыста, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, облыстың солтүстік-батысында 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы